Астана көшелерінде жастар фестивалі өтуде - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астана көшелерінде жастар фестивалі өтуде

05.07.2014
Астана көшелерінде жастар фестивалі өтуде

 

 

 

Елорданың 16 жылдығы аясында алаңдарда  жастарға арналған шаралар ұйымдастырылуда. «Мега Астана» ойын-сауық орталығының алдындағы алаңда «Тәуекел толқыны» спорттық шарасы өтуде, деп хабарлайды astana.kz.

 

Шара барысында қазақстандық және әлемдік хип-хоп мәдениеті мен спорт өкілдері, паркур, стрит воркаут, стрит бол және роллерлер қозғалысы сынды түрлі экстремалды спорт түрлерінен  өз шеберліктерін ортаға салады.

 

Бұдан басқа, бүгін және ертең қалалық алаңда сағат 19.00-де «International street dance session in Astana» көше биі фестивалі өтеді.

 

Мұндай шаралар жастар арасында спорт пен салауатты өмір салтын кеңінен дәріптеуге ықпал етеді. Фестиваль аясында қала тұрғындары мен қонақтары елордалық жастардың тыныс-тіршілігімен, олардың әуестігімен және субмәдениеттердің қазіргі заманғы бағыттарымен танысады.

Хабарламаларға жазылу