Әзірбайжан Мәдиұлы өзінің режиссерлық еңбек жолын 1957 жылы Қазақтың мемлекеттік академиялық драма театрында Ш. Хұсайыновтың «Ертіс жағасында» атты пьесасын қоюмен бастаған.
Осы өнер ордасында жүріп Ә.Мәмбетов Қ. Мұхамеджановтың «Бөлтірік бөрік астында», М. Әуезовтің «Айман-Шолпан», Қ. Байсейітов пен Қ. Шаңғытбаевтың «Беу, қыздар-ай», Лопе де Веганың «Қызғаныштан махаббат» секілді көптеген пьесаларын қою арқылы комедия жанрында дарынын ұштай түсті.
Ол көпшілік жүрегінен кең орын алған «Ән қанатында», «Қан мен тер», «Жаушы» фильмдерін қойды.
«Әзірбайжан Мәмбетов - қазақ режиссурасында ғана емес, әлемдік режиссурадағы айқын тұлға. Оған оның жүріп өткен көркемдік жолы куә. Ол қойған керемет қойылымдар тек қазақ өнерінің үлесі ғана емес, дүниежүзілік театр қауымдастығының табысы деп қарау керек».
«Ол жанр талғамайтын, комедия, трагедия, мелодрама, опера, жалпы, қандай бағытта болсын өзінің бет-бейнесін, жеке қолтаңбасын бірінші кезекте ұстайтын айқын тұлғалы суреткер...»
Режиссер туралы замандастары осындай ой айтады.
Бүгін 16.30-да «Жарқын бейне» хабарын көріңіз.