Елордада тұрғындар үшін жаңа демалыс орыны ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елордада тұрғындар үшін жаңа демалыс орыны ашылды

14.06.2021

Елордада қалалықтар мен шаһар қонақтарына жаңа демалыс орны ашылды. «Demalys Promenade» деп аталатын аймақта кәсіпкерлер мен спорт сүйер қауым үшін барлық жағдай жасалған. Орын Әзірбайжан Мәмбетов және Кенесары көшелерінің қиылысында орналасқан. Мұнда спорт және би алаңдары, суретшілер бұрышы, шахмат, сонымен қатар ұлттық ойындарға арналған орындар бар. Шағын сауда орындарында қолөнер бұйымдары, кітаптар мен кәдесыйлар сатылады. «Demalys Promenade» «Атырау» жаяу жүргіншілер көпірінен өтіп, қалалық саябақтың амфитеатрында аяқталады.

Дарын Сағитов

Хабарламаларға жазылу