1 қыркүйек – Әзірбайжан Мәмбетовтің туған күні - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

1 қыркүйек – Әзірбайжан Мәмбетовтің туған күні

01.09.2014
1 қыркүйек – Әзірбайжан Мәмбетовтің туған күні

Ол – қазақ сахна өнерін әлемдік деңгейге көтерген бірегей тұлға. Өзінің сан қырлы талантымен, табиғи дарынымен әлемді мойындатқан театр майталманы, жаңашыл режиссер Әзірбайжан Мәмбетов туралы осындай ой айтуға болады.

1 қыркүйек – өмірін театр өнеріне арнаған тұлға Әзірбайжан Мәмбетовтің туған күні. Ресейлік әйгілі режиссер Гончаровтың тәлімін алған Әзірбайжан Мәдиұлы әлем мәдениетіне терең бойлап, сол арқылы халқымыздың өнеріне соны леп әкелді.

Көрермен назарына уақыт тынысын дөп басатын эпикалық және философиялық туындылар ұсынды. Қазақ халқының ұлттық болмыс-бітімін барынша ашып көрсете білді. Нәтижесінде ол сахналаған спектакльдер Еуразия кеңістігіндегі мемлекеттердің алтын қорына енді.

«Бұл кісі өзінің ізденімпаздығымен, қойылым тәсілдерінің биіктігімен, күллі Әуезов театрының актерлық мектебін басқа бір арнаға алып келген режиссер»,-дейді  Қазақстанның Халық әртісі Есмұхан Обаев.

Толығырақ «Таңшолпаннан» көріңіз.

Хабарламаларға жазылу