«KazNews»-тің 17:30-дағы жаңалықтарынан көретіндеріңіз: Елімізде «Даңқ» кітабы жарық көрді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«KazNews»-тің 17:30-дағы жаңалықтарынан көретіндеріңіз: Елімізде «Даңқ» кітабы жарық көрді

06.12.2016
Туындыға ел абыройын асқақтатып, мерейін үстем еткен қоғам қайраткерлері мен тарихшылар, зиялы қауым өкілдері енген. Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының жоғарғы марапаттарына ие болған танымал тұлғалар жайында мәліметтер жинақталған. Кітап бүгін салтанатты түрде тұғырға қойылды. Енді мұражайға келушілер, Егеменді Қазақстанның тарихының қалыптасуына септігін тигізген азаматтардың есімін электронды нұсқасы арқылы көре алады. «Даңқ кітабына» барлығы 192 адам енгізілді. Осы уақытқа дейін Сағадат Нұрмағамбетов, Өмірбек Бәйгелді, Әзірбайжан Мәмбетов, Бақытжан Ертаев секілді ел ағаларының есімдері алтын әріппен жазылған. Болашақта тізім толықтырылып тұратын болады.
Осы және өзге де ақпараттар жайлы бүгін 17:30-да «KazNews» жаңалықтарынан көре аласыздар.

Хабарламаларға жазылу