Республикалық маңызы бар «Алматы-Көкпек-Шонжы-Көктал-Қорғас» автожолының 63 шақырымына жөндеу жұмыстары жүргізілді, деп хабарлайды «Қазақавтожол» РМКбаспасөз қызметі.
Жыл басынан бері аталған күрежолдың 109-шақырымынан 126-шақырымына дейінгі аралықтағы бөлігін қайта салу жұмыстары атқарылуда. Ал 126-шақырым мен 154-шақырым аралығында ой-шұңқыр жөндеу және жол бойын ретке келтіру жұмыстары атқарылды.
Жыл соңына дейін 154-шақырымнан бастап 172-шақырымға дейінгі аралықта орта жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған.