Алматы облысы көлік апаты және кісі өлімі бойынша алдыңғы орында - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматы облысы көлік апаты және кісі өлімі бойынша алдыңғы орында

06.10.2019

Жыл басынан бері Алматы облысында 1,5 мыңнан аса көлік апаты болған. 317 адам көз жұмған. 2 мыңнан аса адам жарақат алған. Еліміз бойынша Алматы облысы көлік апаты және кісі өлімі бойынша алдыңғы орында. Және апат көбейіп барады.

Аса қауіпті учаскелер – Алматы-Өскемен, Алматы-Бішкек, Алматы-Көкпек-Көктал бағыттары. Бүкіл апаттың төрттен бірі сол жерлерде болады.

Жалпы, полиция облыстағы көлік апаттарын талдап көрген – 42 процент жаяу адамды қағып кету: 112 адам өлген, 543 адам жарақат алған. 359 жағдайда бала болған: 29-ы мерт болған, 423 бала жарақат алған.

Қуаныш СЕРІКХАНОВ


Хабарламаларға жазылу