Елорда толығымен газдандырылады - Алтай Көлгінов - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елорда толығымен газдандырылады - Алтай Көлгінов

03.12.2021
Елорда толығымен газдандырылады - Алтай Көлгінов

Нұр-Сұлтандағы Алматы және Сарыарқа аудандары газдандырылды. Газ тарату желілері 9 тұрғын үй алабы жүргізілген. ҚР Тұңғыш Президенті күні қарсаңында елорда әкімдігі «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ-мен бірлесіп, «Интернациональный», «Мичурино», «Күйгенжар» тұрғын үй алаптарына газ тарату желілерін жүргізді. Бұл туралы елорда әкімі Алтай Көлгінов ОКҚ алаңында өткен брифинг барысында айтты.

«Газдандыру жобасы - Елбасының ауқымды жобасы. Қазіргі уақытта газ тарату желілері «Көктал-1», «Көктал-2», «Железнодорожный», «Промышленный», «Агроқалашық», «Оңтүстік-Шығыс», «Интернациональный», «Мичурино», «Күйгенжар» 9 тұрғын алаптарында жүргізілді. Ол үшін 650 км-ден астам газ тарату желілері салынды», - деді Алтай Көлгінов.

Қазір «Қазақауыл», «Ақбидай» шағын аудандарында, сондай-ақ қаланың Потанин көшесіндегі ескі бөлігінде газды іске қосу үшін іске қосу-жөндеу жұмыстары жалғасуда. Қаланы газдандыру ел басшылығының бақылауында.

Естеріңізге сала кетейік, газбен жабдықтаудың ішкі желілері дайын тұтынушылар «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ-ға өтінім беру қажет. Бұл ұйым газбен жабдықтаудың ішкі желілерін қауіпсіздікке және тікелей қосылуын тексерумен айналысады, сондай-ақ одан әрі пайдалануға жауап береді.


Елорда газ Алтай Көлгінов астана Нұр-Сұлтан

Хабарламаларға жазылу