Астанада қазақстандық және ресейлік бард әншілер өнер көрсетеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада қазақстандық және ресейлік бард әншілер өнер көрсетеді

25.07.2014
Астанада қазақстандық және  ресейлік бард әншілер өнер көрсетеді

25-27 шілде күндері «Астана-2014» халықаралық авторлық әндер фестивалі аясында  белгілі ресейлік және қазақстандық бард әншілер өнер көрсетеді.

Үш күн бойы Елорда төрінде авторлық композициялар шырқалады.

Музыкалық шараға Жеңіс Ысқақов, Юлий Ким, Михаил Щербаков, Михаил Кочетков, Раиса Нұр, Александр Бормотов және т.б. қатысады.

Қалалық әкімдіктің баспасөз қызметінің хабарлауынша, фестиваль Қарағанды тасжолының бойындағы «Причал» қонақүйінің жанында өтеді.

«Астана-2014» фестивалі - көлемі мен деңгейі жағынан ТМД-дағы маңызды шаралардың бірі саналады. Музыкалық шара 1999 жылдан бері халықаралық деңгейде өткізіліп келеді.

Хабарламаларға жазылу