Роза Рымбаева халыққа онлайн концерт берді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Роза Рымбаева халыққа онлайн концерт берді

27.03.2020

Халық рухани азықсыз да қалмайтын түрі бар. Өйткені біраз өнер иесі онлайн концерт беруге көшті. Осындай қиын қыстау күндері елдің рухын көтеріп, қолдау көрсеткен өнер иелерінің әрекетін Мемлекет басшысы да жоғары бағалады. Президент өзінің Twitter парақшасында Роза Рымбаеваға алғысын білдірді.

Жанды дауыста ән шырқаған әншінің көрермендері әдеттегідей көп болды. Онлайн концертті 33 мыңдай адам тамашалаған. Олардың арасында Президент Қасым Жомарт Тоқаев та бар. Халық әртісі бұл әрекеті үшін Мемлекет басшысынан алғыс та алды.

Қазақстандық әншілер күн сайын кезекпен онлайн концерт беруге көшіп жатыр. «Карантиндегі жұлдыз жобасы» алдағы күндері де жалғаса бермек. Бүгін танымал әнші Сәкен Майғазиев өнер көрсетеді.

Асима НҰРБАЙҚЫЗЫ


Хабарламаларға жазылу