Қызылордада жол қозғалысы қалпына келтірілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қызылордада жол қозғалысы қалпына келтірілді

24.07.2014
Қызылордада  жол қозғалысы қалпына келтірілді

«Қызылорда-Жалағаш-Самара-Шымкент» Р-33 автожолының 79+800 шақырымындағы көпір жөнделіп, жол қозғалысы толық қалпына келтірілді,- деп хабарлайды «ҚазақАвтожол» РМК баспасөз қызметі.

Естеріңізге сала кетейік, 2014 жылғы 15 маусымда республикалық маңыздағы «Қызылорда-Жалағаш» автомобиль жолының 79+800 шақырымындағы су тарту каналы арқылы өтетін көпірдің тіреуіштері төмен түсіп, апаттық жағдай туындаған болатын.

Осыған байланысты, «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ Қызылорда облыстық филиалы, Жалағаш ауданы әкімі аппаратының шұғыл іс-қимылдары нәтижесінде көпірге көлік қозғалысының шектеу шаралары қолданылып,  тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылған еді.

20 маусымнан бастап «Қазақавтожол» РМК Қызылорда облыстық филиалы тарапынан жөндеу жұмыстарына қажетті құрылыс-материалдары алынып, 24 маусымнан бастап көпірде бетондауға дайындық жұмыстары атқарылды.

3 шілде күні көпірдің бір бөлігіне темір арматураларды тоқу және бетон құю жұмыстары аяқталды.

10 шілде күні көпірдің бетондалған бөлігі бойынша көлік қозғалысы ауыстырылып, екінші бөлігіне бетондауға дайындық жұмыстарын жүргізу басталды.

Көпірдің екінші бөлігіне 15 шілде күні бетон кұю жұмыстары атқарылды. Құйылған бетонды күтіп ұстау жұмыстары жүргізіліп, көпір бойынша көлік қозғалысы 22 шілде күні толық ашылды.

Дегенмен, жүк көліктерінің көпір арқылы өтуіне шектеу сақталады. Жөндеу жұмыстарының екінші бөлігін, көпір тіреуіштерін нығайтуды канал бойынша су деңгейі төмендеген уақытта болмақ.

Хабарламаларға жазылу