Басты Жаңалықтар Елбасы Геннадий Головкинге жеңіс тіледі

Елбасы Геннадий Головкинге жеңіс тіледі

Елбасы Геннадий Головкинге жеңіс тіледі

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандық боксшы Геннадий Головкинге шілде айының 27 шілде күні өтетін жекпе-жегіне сәттілік тіледі. Бұл туралы Нью-Йорктегі ҚР Бас консулдығы хабарлады,  дейді ҚазАқпарат.

«Шақырту үшін алғыс білдіремін. Қазақстандықтар сенімен бірге»,- делінген ҚР Президентінің жеделхатында. Құттықтау хатты  Геннадий Головкинге Нью-Йорктегі ҚР Бас консулдығы тапсырды.  

«Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа қолдауы мен тілегі үшін алғысым шексіз. Маған артылған сенімді ақтауға тырысамын», - деп атап өтті Геннадий Головкин

Естеріңізге сала кетейік, 27-ші шілде күні өтетін Геннадий Головкин мен Дэниэл Гил арасындағы  жекпе-жекті «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы мен «KAZsport» телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді.

Бөлісу