«Касабланка» фильміндегі пианино аукционға шығарылды
Американың Нью-Йорк қаласындағы «Bonham's» аукцион үйі 1942 жылы жарыққа шыққан атақты «Касабланка» фильміндегі пианиноны саудаға қоймақ. Ол ең кемі 1 миллион АҚШ долларына бағалануда. Аукцион 24 қарашада өтеді, деп хабарлады РИА Новости.
Пианиноның қазіргі иесі өз есімін жариялаудан бас тартып отыр. Ұйымдастырушылардың айтуынша, ол бұл аспапты 2012 жылы «Sotheby's» аукцион үйіндегі саудада 602,5 долларға сатып алған. Сол кезде БАҚ-та пианиноны атақты актер Леонардо Ди Каприо сатып алғаны туралы жазылған болатын.
Еске сала кетейік, режиссер Майкл Кертистің «Касабланка» мелодрамасы - «Оскар» сыйлығына ие болып, Голливуд тарихындағы ең үздік фильмдердің бірі атанған.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жылына 200-ден астам баланың жүрегіне ота жасалады
18.03.2026, 20:58
Наурызнама: 4 мыңға жуық тұрғын ұлттық киіммен шеруге шықты
18.03.2026, 20:55
Қарағандыда дрондар бауырсақ таратты
18.03.2026, 20:54
«Халық таңдауы – жарқын болашақ» флеш-фестивалі өтті
18.03.2026, 20:51
Көкпардан Ұлттық құрама Қытайдан басым түсті
18.03.2026, 20:49
Әлем жаңалықтарына шолу
18.03.2026, 20:17
Таяу Шығыстағы соғыс салдарынан әлемде ұшақ билеттері қымбаттап жатыр
18.03.2026, 20:15
Таяу Шығыстағы Қазақстан дипломаттары қандай жағдайда елге қайтарылады?
18.03.2026, 20:13