Америкалық «Forbes» журналы биыл да Голливудтың ең табысты актерлерінің тізімін жариялады. Онда екінші мәрте көшті кіші Роберт Дауни бастап тұр. Ол өткен жылғы маусымнан ағымдағы жылғы маусымға дейін 75 миллион АҚШ доллары көлемінде пайда тапқан, деп жазады ҚазАқпарат.
«Forbes» журналы атап өткендей, 49 жастағы кіші Дауниге негізгі пайданы «Темір адам-3» блокбастері әкелген. Ол 2013 жылғы ең көп сұранысқа ие болған фильм еді. Осылайша ол прокаттан 1,2 миллиард АҚШ долларына жуық табыс әкелді.
Тізімде екінші орында әлемдік деңгейдегі жұлдыз Дуэйн Джонсон, табысы - 52 миллион АҚШ доллары.
Үздік үштікті Брэдли Купер тұйықтады, «Мой парень – псих» (2012) және «Афера по-американски» (2013) фильмдеріндегі рөлімен «Оскар» сыйлығына номинант болған. Бір жылда оның табысы 46 миллион АҚШ долларын құрады.
Рейтингтің 4-орнынан Леонардо Ди Каприоны көруге болады (39 миллион АҚШ доллары). «Тор» фильмінің жұлдызы австралиялық Крис Хемсворт (37 миллион АҚШ доллары) 5-орынға ие болған.
Рейтингтің үздік ондығына сонымен бірге Лиам Нисон (36 миллион АҚШ доллары), Бен Аффлек және Кристиан Бэйл (35 миллион АҚШ доллары), Уилл Смит, Марк Уолберг ( 32 миллион АҚШ доллары) кірген.