Бразилияда футболдан өткен Әлем чемпионаты кезінде дүние келген 200-ге жуық аргентиналық сәбиге Месси деген есім қойылған.
Аргентина құрамасының Германиядан жеңіліп қалуы аргентиналық жакүйерлердің сағын сындырмады. Бұл елде өз футболшыларына қолдау көрсету мақсатында жаңа туған нәрестелерге олардың есімдерін беру дәстүрге айналған.
«Биыл құраманың оныншы нөмірлі ойыншысы Лионель Мессидің есімі аса танымал болып отыр. Ел астанасы мен ірі провинция Буэнос-Айреста чемпионат кезінде шамамен 100 Линонель мен 90 Леонелия туған. Сондай-ақ, Аргентина құрамасының басқа да ойыншылары жанкүйерлерінің назарынан тыс қалмады. Гонсало, Хавьер және Серхио есімді балалар саны да арта түскен», - деп хабарлайды ИТАР-ТАСС.