Футболдан Әлем чемпионатының ойындарын «KAZsport» телеарнасы да тікелей эфирде көрсетеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Футболдан Әлем чемпионатының ойындарын «KAZsport» телеарнасы да тікелей эфирде көрсетеді

25.04.2014
Футболдан Әлем чемпионатының ойындарын «KAZsport» телеарнасы да тікелей эфирде көрсетеді

Аз күндерден кейін әлем назары Бразилияға ауады. Сан-Паулу қаласында 12 маусым күні басталатын футболдан Әлем чемпионатының барлық ойындарын «KAZsport» телеарнасы да тікелей эфирде көрсетеді.
  
 Әлемнің ең мықты командалары бақ сынайтын футбол тойынан «Таңшолпан» бағдарламасы да күн сайын ақпар береді. 28 сәуірден бастап, көрермендерге викториналық сұрақтар қойылады.
  
 Күн сайын тікелей эфирде айтылған сауалға «Таңшолпан» бағдарламасының tankaz.kz сайтына кіріп, жауап беруге мүмкіндік бар. Осылайша, 30 сауалдың барлығына дұрыс жауап берген көрерменге ерекше жүлде ұсынылады.   
  
 Жеңімпаздың есімі 12 маусым Әлем чемпионаты басталған күні белгілі болады.

Хабарламаларға жазылу