Месси Марадона рекордын жаңартты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Месси Марадона рекордын жаңартты

10.07.2014
Месси Марадона рекордын жаңартты

Аргентина құрамасының капитаны Лионель Месси футболдан Әлем чемпионатының жартылай финалында Нидерланд құрамасымен өткізген ойында алаңға бірінші минуттан бастап шықты.

Бұл - Мессидің ұлттық құрама жейдесінде өткізген 92-ші ойыны. Ол бұл көрсеткіш бойынша атақты аргентиналық Диего Марадонадан асып түсті. Марадона ұлттық құрама сапында 91 матч өткізген.

Айта кетейік, Лионель Месси Аргентина құрамасында ең көп ойын өткізген футболшылардың тізімінде алтыншы орынға көтерілді.

Хабарламаларға жазылу