Бразилияда аяқталған футболдан Әлем чемпионатында ең үздік қақпашыға берілетін «Алтын қолғап» жүлдесі Германия құрамасының қақпашысы Манэуль Нойерге бұйырды.
Манэуль Нойер бұл турнирде 7 матч өткізіп, қақпасына 4 доп жіберген. Сонымен қатар, Аргентинамен өткізген финалдық ойында қақпасын голдан аман алып қалды.
Айта кетейік, финалдық ойында Германия футболшылары Аргентина құрамасымен 1:0 есебімен ұтты.