Атырауда жол бойына гүл сағат орнатылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Атырауда жол бойына гүл сағат орнатылды

13.07.2014
Атырауда жол бойына гүл сағат орнатылды

Атырауда аймақтағы алғашқы төртжолақты тас жолдың құрылысы аяқталды. Ол әуежайды қаламен байланыстыратын торап болып табылады.

Ал облыс орталығына кіре беріс жолдың бойына гүл сағат орнатылып жатыр. 

«Бұл сағаттың механизмі Украинада жасалды. Сағат орнатылып болды. Қазіргі уақытта оны көгалдандыру және гүлдермен көмкеру жұмыстары жүріп жатыр. Сағат механизмі жер серігі арқылы GPS жүйесімен басқарылмақ, сондықтан ол уақытты дәлме-дәл көрсететін болады», - деп хабарлады қалалық әкімдіктің баспасөз қызметінен. 

Бұл сағаттың жалпы құны - 20 млн. теңге. Төртжолақты тас жолды салу, гүлсағат пен жол бойына мүсіндерді орнату ағымдағы жылдың күзінде өтетін Қазақстан мен Ресейдің шекаралық ынтымақтастығы форумына әзірлік аясында жүзеге асырылуда. Келелі басқосуға екі елдің басшылары қатысады, деп күтілуде.

Хабарламаларға жазылу