Атырауда «Бірлік» фестивалі өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Атырауда «Бірлік» фестивалі өтті

07.07.2016
Атырауда «Бірлік» фестивалі өтті

Атырауда қазақ вальсінің королі Шәмші Қалдаяқовтың патриоттық әндеріне арналған «Бірлік» фестивалі өтті. Шараға өңірдегі этномәдени бірлестіктерден жалпы саны 8 өнерпаз қатысты.

Әншілер көрнекті сазгердің лирикалық туындыларын шырқап, жиылған жұртшылықты әнмен тербеді. Фестивальдің басты мақсаты – жастардың бойына патриоттық сезімді ұялату және ұлттар арасындағы достықты нығайту.  

Айдос ҚАРАБАЛА

Хабарламаларға жазылу