Астанада француз суретшісінің көрмесі ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада француз суретшісінің көрмесі ашылды

13.07.2014
Астанада француз суретшісінің көрмесі ашылды

Елордада француз суретшісі Альтон Мишиноның «Жер мен көктің, жарық пен көлеңкенің арасында» атты көрмесі ашылды.

Суретшінің шығармашылығымен 9 тамызға дейін «Хас Санат» галереясында танысуға болады.

«Менің картиналарымның әрқайсысы  қозғалыстағы поэзия. Оны түсіну үшін қарап тұрған қос жанарыңның қозғалысын, ырғағын, ерекшеліктерін сезінуі тиіс. Онымен тұтасып кету керек, осы бір проекциялық кеңістікте жоғалып кетуі керек», - дейді Альтон Мишино өзінің шығармашылығы турасында.

Автордың еңбектері аралас техникада орындалған, онда дәстүрлі көркемдік материалдармен бірге қоладан және күміс ұнтақтары, қағаз, цинк кесектері және т.б. қолданылған.

Француз суретшісінің картиналары Парижден Нью-Йоркке дейін әлемнің түрлі қалаларында көпшілік назарына ұсынылды.

Хабарламаларға жазылу