Алматы - Қысқы Олимпиада өткізуге үміткер қалалар арасында көш басында - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматы - Қысқы Олимпиада өткізуге үміткер қалалар арасында көш басында

09.07.2014
Алматы - Қысқы Олимпиада өткізуге үміткер қалалар арасында көш басында

Алматы 2022 жылғы Қысқы Олимпиада ойындарын өткізуге ресми үміткер  қалалар тізіміне енді.  Алматымен бәскеге түсетін - Осло мен Пекин.

Мұндай шешім Халықаралық  Олимпиада комитетінің Лозаннада өткен  отырысында қабылданды.

Қазіргі кезде Олимпиада өткізуге үміткер қалалардың мүмкіндіктерін бағалаушы «Power Index» рейтингісі бойынша Алматы қалған үміткер қалалар арасынан 64 балмен көш бастап тұр.  

Индекс қаланың орналасқан жері мен ойындар өтетін орынға байланысты 11 категория бойынша  құралады.

2022 жылы өтетін Қысқы Олимпиада астанасы 2015 жылы жарияланатын болады.

 

Хабарламаларға жазылу