Алматыда өтетін қысқы Универсиадаға Қазақстан Ұлттық құрамасына үміткер 309 спортшы дайындалып жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда өтетін қысқы Универсиадаға Қазақстан Ұлттық құрамасына үміткер 309 спортшы дайындалып жатыр

30.01.2016
Алматыда өтетін қысқы Универсиадаға Қазақстан Ұлттық құрамасына үміткер 309 спортшы дайындалып жатыр

Алматыда 2017 жылы өтетін қысқы Универсиадаға ҚР ұлттық құрамасына үміткер 309 спортшы дайындалуда, деп хабарлайды ҚР биатлоншылары Одағының вице-президенті, Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері Елена Хрусталёва. 

«Соңғы Студенттік ойындар нәтижесі бойынша қазіргі таңда көш басында Норвегия, Жапония, Қытай және Ресей құрамалары келеді. Біздің құрама команда соңғы Универсиада ойынында жалпы командалық есепте үшінші орынға ие болды. Қазір, 2017 жылғы Универсиадаға ҚР ұлттық құрамасына үміткер 309 спортшы дайындалуда. Олардың ішінде - 111 спортшы Алматы қаласының атынан өнер көрсетеді», - деді Е.  Хрусталёва

Ол сонымен қатар, Алматыдағы қысқы Универсиададан екі күн өткен соң, Жапонияда қысқы Азия ойындары басталатындығын, сондықтан бапкерлер алдында спортшыларды екі шараға да лайықты даярлау және барынша көп олимпиадалық жолдама жеңіп алу бойынша күрделі міндеттер қойылғандығын жеткізді.

«Қазір, біздің жастарымыздың Универсиада барысында қалай өнер көрсететіндігін болжау қиын. Бірақ, әрине шаңғышылардан, конькишілерден, биатлонистерден және мәнерлеп сырғанау мен фристайл бойынша медальдар күтеміз», - деді ҚР биатлоншылары Одағының вице-президенті.

Айта кетелік, қысқы Универсиада ойындары 2017 жылы 29-шы қаңтар мен 8-ші ақпан аралығында өткізіледі. Сегіз нысанда спорттың 12 түрінен жарыстар болады. 

 

ҚазАқпарат

Хабарламаларға жазылу