Боксшы Жәнібек Әлімханұлы CNN телеарнасының бағдарламасына қатысты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Боксшы Жәнібек Әлімханұлы CNN телеарнасының бағдарламасына қатысты

30.04.2015
Боксшы Жәнібек Әлімханұлы CNN телеарнасының бағдарламасына қатысты

Қазақстандық боксшы 2013 жылғы Әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы АҚШ-тың атақты CNN телеарнасының 2022 жылғы қысқы Олимпиада ойындарын өткізуге үміткер қала Алматы туралы бағдарламасының түсіріліміне қатысты, деп хабарлайды Қазақстан бокс федерациясының баспасөз қызметі.

Жәнібек түсірілім барысына қазақстандық бокс туралы және жалпы спорт туралы әңгімелеп, 2022 жылы Олимпиада Қазақстанда өтетіндігіне сенім білдірген.

«Қазақстан – көптеген Олимпиада мен Әлем чемпиондарын тәрбиелеп шығарған спорттық мемлекет. Елбасының бастамасымен біздің мемлекетте спортпен белсенді айналысу үшін барлық жағдай жасалынуда. Мен, жанкүйерлердің сенімін ақтап, Катарда өтетін Әлем чемпионаты мен Рио Олимпиадасында сәтті нәтиже көрсету үшін қолымнан келгеннің барлығын жасаймын», - дейді Ж.Әлімханұлы.

Еске сала кетейік, 2022 жылғы қысқы Олимпиада ойындарын өткізуге Алматымен қатар, Бейжің қаласы да таласуда. Өтетін орын ағымдағы жылдың 15 шілдесінде Малайзияда анықталады.

 

Фото: confederation.kz

Хабарламаларға жазылу