Төртінші кезең аяқталды. Топ басында - Винченцо Нибали - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Төртінші кезең аяқталды. Топ басында - Винченцо Нибали

09.07.2014
Төртінші кезең аяқталды. Топ басында - Винченцо Нибали

«Тур де Франс» көпкүндігінің төртінші кезеңінен кейін қазақстандық «Астана» командасының италиялық велошабандозы Винченцо Нибали жалпы есептігі бірінші орынды сақтап қалды.

Ұлыбританияда өткен үш кезеңнен кейін веложарыс Францияда жалғасты. 163 шақырым қашықтыққа созылып, Лилль қаласындағы аяқталған кезеңде «Team Giant-Shimano» командасының германиялық велошабандозы Марсель Киттель топ жарды. Айта кетейік, Киттель осымен үшінші кезеңде жеңіске жетті.

Екінші және үшінші орынды «Катюша» командасының норвегиялық өкілі Александр Кристофф пен «FDJ.fr.» командасының француздық спортшысы Арно Демар бөлісті.

Бұл кезеңде «Астаны» сапынан даниялық Якоб Фульсанг жоғары нәтиже көрсетті. Ол мәре сызығын 23-ші кесті. Оның соңынан команда капитаны Винченцо Нибали келді. Ол эстондық Танел Кангерт тек 57-ші орынды қанағат тұтты.

Төртінші кезеңде британдық велошабандоз Кристофер Фрум құлап қалды. Әзірге оның жарақат деңгейі белгісіз.

Жалпы есепте әзірге өзгеріс жоқ. Топ басындағы Нибали словак Петер Саганнан (Cannondale) екі секундқа алда келеді. Ал Фульсанг үздік ондықты қорытындылап тұр.

Хабарламаларға жазылу