«Тур де Франс» жарысының үшінші кезеңі аяқталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Тур де Франс» жарысының үшінші кезеңі аяқталды

08.07.2014
«Тур де Франс» жарысының үшінші кезеңі аяқталды

Франция жерінде өтіп жатқан «Тур де Франс» велобәйгесінің үшінші кезеңі аяқталды. 155 шақырымға созылған бұл кезеңде неміс шабандозы Марсель Киттель жеңімпаз атанды.

Айта кетейік, ол бірінші кезеңде де үздік болған. Ал, екінші орынды словакиялық Петер Саган иеленсе, үшінші орынға австралиялық  Марк Реншо жайғасқан.

Үш кезеңнің қорытындысы бойынша жалпы есепте «Астана» командасы сапындағы Винченцо Нибали топ бастап тұр. Бүгін спортшылар төртінші кезеңде бақ сынайды. Жарыс жолы 163 шақырымға созылған.

Хабарламаларға жазылу