Қазақстандық және шетелдік өнер майталмандарының көрмесі өтуде - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстандық және шетелдік өнер майталмандарының көрмесі өтуде

03.07.2014
Қазақстандық және шетелдік өнер майталмандарының көрмесі өтуде

Астанадағы Тәуелсіздік сарайында төрт бірдей көрме өтіп жатыр. Олар: қазақ өнер майталмандарының қолөнер бұйымдары, экспонаттар Сержан Баширов, Асылмардан Кадырбаев сынды әйгілі суретші  зергерлердің авторлық туындылары. Сондай-ақ, Берік Әлібайдың жеке жинаған 1000-ға жуық сәндік  қолданбалы бұйымдар топтамасы. Бұл туралы Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Тәуелсіздік сарайы галереясының жетекшісі Тілеукеш Жаубасованың айтуынша, «қала күніне орай ашылған көрме «Атадан мұра» деп аталады. Көрмені көрген шетел мамандары, шетел қонақтары Астананың қонақтары мен басқа да келген көрермендеріміз сондай таң-тамаша болып кетіп жатыр».

Сондай-ақ, Тәуелсіздік сарайының галерея залында Орталық Азия және Оңтүстік Корея шеберлерінің 50-ден астам жұмысы қойылған. «Адамдар» деп аталатын көрмеден корей халқының бастан кешкен қиын-қыстау кезеңдері бейнеленген. Көрме үш бөлімнен тұрады. Келем деушілерге есік ашық. 

Хабарламаларға жазылу