Белгісіз біреулер «Википедияда» АҚШ қорғаныс министрі ретінде Тим Ховардты көрсеткен - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Белгісіз біреулер «Википедияда» АҚШ қорғаныс министрі ретінде Тим Ховардты көрсеткен

02.07.2014
Белгісіз біреулер «Википедияда» АҚШ қорғаныс министрі ретінде Тим Ховардты көрсеткен

1 шілдеде АҚШ пен Бельгия құрамалары плей-офф кезеңінде кездескен болатын. Бельгия  футболшылары  90 минут бойы Тим Ховард қорғаған қақпаны үздіксіз  шабуылдаумен болды.  Овертаймда қақпасына 2 гол өткізіп алғанына қарамастан, Тим Ховардтың ойынына  тек америкалық жанкүйерлер ғана емес, сол матчты көрген көрермендердің көбі тәнті болды.

Осы матчтан соң «Википедия» интернет- ресурсының америкалық нұсқасында АҚШ қорғаныс министрі Чак Хагелдің профилін белгісіз біреулер өзгертіп, орнына Тим Ховардтың суретін салып қойған. Дегенмен бұл әзілді дер кезінде байқағандар министрдің профилін қайта  орнына келтірген.

Айта кетейік, Бельгия құрамасы овер-таймда 2:1 есебімен жеңіске жетіп, ширек финалға жолдама алды. Ховард осы матчтың үздік ойыншысы болып танылды.

 

Хабарламаларға жазылу