Әсет Балғазин жуырда ғана Испанияда өткен Buen Viaje Opus жасөспірімдер байқауының гран-при иегері. Асқақ дауысымен Еуропа жұртын тәнті еткен ол композитор Мақсат Жәутіков негізін қалаған «Тамшылар» студиясының әншісі.
«Музыкамен үш жылдан бері айналысып келемін. Өткен жылы дипломант болған едім. Сол кезде лауреат немесе гран-при аламын деп мақсат қойдым. Осы жылы мен екі рет лауреат болып, гран-при алдым»,-дейді жас әнші.
Әлемнің 14 мемлекетінен ең талантты балалар жиналған сайыста жас күйші Рауан Мағауин де бақ сынады. Танымал өнер иесі Айгүл Үлкенбаевадан тәлім алған ол «Көрұғлы» күйін орындап, бірінші орынға қол жеткізді. Осылайша, қазақтың қара домбырасы әлем халқын тағы бір рет таңдай қақтырды.
«Домбыраны қолымнан тастамаймын. Ол – қазақтың ұлттық аспабы. Ол – қазақтың ұраны»,-дейді өзі.