Германия құрамасы Алжир футболшыларын овертаймда ұтты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Германия құрамасы Алжир футболшыларын овертаймда ұтты

01.07.2014
Германия құрамасы Алжир футболшыларын овертаймда ұтты

Германия құрамасы футболдан Әлем чемпионатының 1/8 финалында Алжир құрамасынан овертаймда басым түсті. Ойынның негізгі уақыты 0:0 есебімен тең аяқталды.

Овертаймда Андре Шюррле алғашқы голды соқса, Месут Озил есепті еселей түсті. Ал алжирлік Абдельмумен Джабу тек есеп айырмасын қысқарта алды.

Германия құрамасы 1/4 финалда Франция футболшыларымен кездеседі. Матч 4 шілдеде Рио-де-Жанейро қаласында өтеді.

Футболдан Әлем чемпионаты - 2014

1/8 финал

Германия – Алжир – 2:1 (0:0, 0:0, 2:1)

Голдар: Шюррле, 92 (1:0). Озил, 119 (2:0). Джабу, 121 (2:1).

Германия: Нойер, Мустафи (Хедира, 70), Боатенг, Мертезакер, Хеведес, Озил, Швайнштайгер (Крамер, 109), Лам, Кроос, Гетце (Шюррле, 46), Мюллер.

Алжир: М'Боли, Манди, Белькалем, Халлиш (Бугерра, 97), Мостефа, Гулям, Таидер (Брахими, 78), Ласен, Фегули, Слимани, Судани (Джабу, 100).

Ескерту алғандар: Халлиш, 42. Лам, 107.

Төрешілер: Сандру Рикки, Де Карвалью, Ван Гассе (барлығы - Бразилия).

30 маусым. Порту-Алегри. «Estadio Beira-Rio» стадионы.

Хабарламаларға жазылу