АҚШ-тың Нью-Йорк штатының екі тұрғыны 1 миллион ұтысы бар лотерея билетін лақтырып жіберген. Осыдан кейін олар Нью-Джерси лотореясының ұйымдастырушыларын сотқа берді, деп хабарлады usa-trip.ru.
Саферннен Сальваторе Камбрия мен Эрике Оньянго талап-арызында лотерея сайтындағы кідірістің салдарынан ұтқан билеттерін лақтырып тастағанын жазған.
Камбрияның жергілікті БАҚ-қа берген сұхбатында айтылғанындай, ол досына лотерея сайтындағы ұтқан нөмірлер туралы деректерді тексеруді сұрайды. Сосын сандары сәйкес келмеген соң, билетті лақтырып тастаған.
Алайда, келесі күні олар өздерінің ұтысқа ие болғанын түсінеді. Ал сайттағы ақпарат ескі болған.