Флорида штатының тұрғындары лотереядан 414 миллион АҚШ долларын ұтып алды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Флорида штатының тұрғындары лотереядан 414 миллион АҚШ долларын ұтып алды

01.05.2014
Флорида штатының тұрғындары лотереядан 414 миллион АҚШ долларын ұтып алды
АҚШ-тың ұтыс қоры 414 миллион АҚШ долларын құрайтын жалпыұлттық «Mega Millions»лотореясының жеңімпаздары жарияланды, деп хабарлайды  Huffington Post.
 
Ұтысқа Флорида штатының 35 жастағы екі  тұрғыны - Робин Коллиер мен Рэймонд Мойер ие болған.
 
Әзірге олардың қайда тұратындары мен қызметтері жарияланған жоқ. Белгілісі, олар билетті Флориданың Мерритт-Айленд түбегіндегі супермаркеттердің бірінен сатып алған. Ал, сатушыға бұл ұтыстан 100 мың АҚШ доллары бұйырды.
 
Жеңімпаздар - Коллиер мен Мойер ұтысты бөлмей, барлығын бірден алуды ұйғарған. Алайда, Америка заңы бойынша олар ақшаны бірден алатын болғандықтан,  ұтыстың тек 115 миллион доллары ғана беріледі.
 

Хабарламаларға жазылу