Қасым-Жомарт Тоқаев Біріккен Араб Әмірліктерінің Президенті шейх Мұхаммед бен Зайд Әл-Нахаянмен кездесті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қасым-Жомарт Тоқаев Біріккен Араб Әмірліктерінің Президенті шейх Мұхаммед бен Зайд Әл-Нахаянмен кездесті

15.05.2022

Бүгін Қасым-Жомарт Тоқаев Абу-Дабиге ұшып барып, Біріккен Араб Әмірліктерінің Президенті шейх Халифа бин Зайд Әл-Нахаянның қайтыс болуына қатысты көңіл айтты. Басқа да әлем лидерлері бұл елге арнайы барып жатыр. Мәселен, Ұлыбритания Премьер-министрі Борис Джонсон, Франция Президенті Эммануэль Макрон, АҚШ вице-президенті Камала Харрис бар. Қасым-Жомарт Тоқаев елдің жаңа Президенті шейх Мұхаммед бен Зайд Әл Нахаянмен кездесті. Онда Шейх Халифа бен Зайд Әл Нахаянның Қазақстан мен Әмірліктер байланысын дамытуға елеулі үлес қосқанын атап өтті. Мәселен, Шейх Халифа Зайд Әл Нахаян Нұр-Сұлтандағы мектеп құрылысына 13 миллион доллар, Шымкенттегі перинатальді орталыққа 25,5 миллион доллар, сондай-ақ, «Қарағанды-Нұр-Сұлтан» жолын жөндеуге 22 миллион доллар грант бөлген. Пандемия кезінде Әмірліктер Қазақстанға 100 тонна медициналық бұйым жіберген. Соңғы 15 жылда Әмірліктерден Қазақстанға 2,6 миллиард доллар инвестиция тартылған, 276 кәсіпорын жұмыс істейді.



Хабарламаларға жазылу