Мерей Ақшалов спорттық карьерасын аяқтады
|
Қазақстандық боксшы Мерей Ақшалов спорттық карьерасын аяқтады, деп хабарлайды vesti.kz. Бұл туралы Қазақстанның бокстан Ұлттық құрамасының бас бапкері Мырзағали Айтжанов мәлімдеген.
Бас бапкердің айтуынша, Мерей спорттан денсаулық жағдайына байланысты қол үзген.
Еске сала кетейік, М.Ақшалов 2013 жылы бокстан Азия чемпионы атанды, артынша Әлем чемпионы атағына да қол жеткізді. Сонымен қатар, «Астана арландары» бокс клубының бірнеше маусымында ел намысын қорғады.
М.Айтжановтың айтуынша, Мерей бағын сынаған 64 келі салмақта Ұлттық құрамаға қабылданудан үмітті үш боксшы бар. Олар: Қазақстан чемпионы Алмасбек Әлібеков, соңғы чемпионаттың финалында жұдырықтасқан Аслан Шымбергенов және 2011 жылғы Азия чемпионы Айдар Әмірзақов.
|
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ермек Серкебаевтың туғанына 100 жыл: «Ғасыр дауысы» атты музыкалық кеш өтті
04.07.2026, 10:28
Ата Заң – әділетті қоғам кепілі
03.07.2026, 20:59
Жаңа Конституцияның тарихи құжаттары Президент архивіне тапсырылды
03.07.2026, 20:58
«Әділет» партиясы Құрылтай сайлауына қатысуға дайын
03.07.2026, 20:57
Мемлекет басшысы Ермек Серкебаевтың 100 жылдығына орай құттықтау хат жолдады
03.07.2026, 20:56
Елордада киберспорттан Әлем чемпионаты өтеді
03.07.2026, 20:52
Әч: 12 құрама 1/8 финалға өтті
03.07.2026, 20:50
Шымкентте 7 жыл бойы ақша жымқырғандар сотталды
03.07.2026, 20:13