«Джиро д Италия-2014» көпкүндігінің қола жүлдегері Фабио Ару Астанаға келді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Джиро д Италия-2014» көпкүндігінің қола жүлдегері Фабио Ару Астанаға келді

19.06.2014
«Джиро д Италия-2014» көпкүндігінің қола жүлдегері Фабио Ару Астанаға келді

Бүгін түнде Франкфурт – Астана әуе бағытымен «Джиро д’Италия-2014» көпкүндігінің қола жүлдегері Фабио Ару елордаға келді. «Pro Team Astana» командасының италиялық велошабандозының жанында Паоло Тираланго мен команданың спорт директоры Александр Шефер болды. Фабио Ару осымен Қазақстанға екінші рет келіп отыр.

«Бұл – менің Қазақстанға екінші сапарым. Алғаш рет жолым қыста түсті. Енді, міне жазда келіп отырмын. Астана көшелерімен велосипедпен жүріп өтсем деймін», - дейді Фабио Ару.

Италиялық велошабандоз бұл сапарда велокоманданың демеушісі – «Самұрық-Қазына» және «Астана» кәсіпқой президенттік клубының жетекшілерімен кездеседі. Сондай-ақ, Қазақстан велоспорт федерациясы мен «Astanafans» жанкүйерлерімен кездеседі.

Хабарламаларға жазылу