«Astana Pro Team»-ның мақсаты «Тур де Франс-2014» додасында жеңіске жету - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Astana Pro Team»-ның мақсаты «Тур де Франс-2014» додасында жеңіске жету

09.01.2014
«Astana Pro Team»-ның мақсаты «Тур де Франс-2014» додасында жеңіске жету
«Astana Pro Team» велокомандасы «Тур де Франс -2014» додасында жеңіс тұғырынан көрінуге бел буып отыр. Бұл туралы итальяндық Брешиадағы команданың ресми таныстырылымында велокоманданың бас менеджері Александр Винокуров мәлім етті.
 
«Біз өткен жылы «Джиро д Италия» жарысында биіктен көріну үшін жұмыла жұмыс істедік, бұл оңайға түскен жоқ. Бірақ біз көрсеткен еңбек Брешиадағы жеңіске алып келді. Бүгін осы жерде тұрып, «Тур де Франс-2014» велододасы белестерін бағындыруға дайын екенімізді жария ету - үлкен мәртебе»,-деді А. Винокуров.
 
Өз кезегінде команда капитаны Винченцо Нибали алдағы «Тур де Франс - 2014»-те жүлдеге ілігу ұжымның негізгі мақсаты екенін атап өтті. Сонымен қатар, «Милано - Сан-Ремо», «Льеж-Бастонь-Льеж», «Париж-Ницца», «Тиррено-Адриатико» және «Джиро д Италия» жарыстарында жақсы табысқа қол жеткізуге мүмкіндік беретін тиісті бағдарлама әзірленген.

Хабарламаларға жазылу