«Астана – Арқау» түркі музыкасы фестивалі өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Астана – Арқау» түркі музыкасы фестивалі өтеді

18.06.2014
«Астана – Арқау» түркі музыкасы фестивалі өтеді
Астаналықтар «Астана – Арқау» түркі музыкасы фестивалін үш күн бойы тамашалайды. Биыл фестиваль көрермендерге ерекше музыкалық шара ұсынады.
 
Бұл туралы Астана қаласының 16 жылдығына арналған мерекелік шараларды дайындау және өткізу жөніндегі ұйымдастыру комитетінің медиа-штабы хабарлады, деп мәлімдеді astana.kz.
 
Фестивальға әр жылдары барша түркі халықтарының музыкалық мұрасын жалғастырумен келе жатқан 450 музыкант пен ғалым қатысты.
 
Ұйымдастырушылардың айтуынша, биылғы шарада Қазақстан, Түркия, Түркіменстан, Қырғыз Республикасы, Әзірбайжан, Өзбекстан, Моңғолия, Қалмықия, Чуваш, Алтай, Башқұртстан,  Якутия, Тыва, Дағыстан, Татарстан елдерінің өнерпаздары өнер көрсетеді.
 
Түркі халқының мұрасын дәріптеген айтулы фестивальда шебер аспапшылармен қатар, жеке орындаушылар, көрнекті музыкалық және би ұжымдары өнер көрсетеді. Алғаш рет фестиваль бағдарламасында «бағлама» көне түрік аспабының сазды үні әуелейді.
 
Бағдарламаға сәйкес 4 шілдеде фестивальдің ашылуы және «Музыканың қайнар көзі» атты шоу ұйымдастырылады.
 
5 шілдеде «Әуен. Ырғақ. Би» - қатысушылары өнер көрсетеді, 6 шілдеде фестивальдің жабылуы болады.
 
Концерт сағат 17.30-да «Астана Опера» мемлекеттік опера және балет театрының камералық залында өтеді .

Хабарламаларға жазылу