Ақтауда тұңғыш рет Иран тауар өндірушілерінің көрмесі өтуде - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақтауда тұңғыш рет Иран тауар өндірушілерінің көрмесі өтуде

22.07.2015
Ақтауда тұңғыш рет Иран тауар өндірушілерінің көрмесі өтуде

Көрмеге түрлі саланы қамтитын тауарлар қойылған. Мұнай өндірісіне қажетті жабдықтар, құрылыс материалдары, коммуналдық жүйе құбырлары, ауыл шаруашылығы өнімдері, көлік және тамақ өнеркәсібі де бар. Әсіресе, қазақ жері үшін тың өнімдерді таныстыруға талпыныс зор.

Иранға қойылған санкциялардың алынып тасталуы Қазақстан үшін де аса тиімді. Осы шара аясында тараптар Маңғыстаудан мұнай өңдеу зауытын тұрғызу, тауар айналымын ұлғайту, теңіз порттарының өзара қарым-қатынасын нығайту сынды бірқатар мәселелерді шешіп алмақ.

Көрме төрт күнге жалғасады. Мұндай шарадан отандық кәсіпкерлердің үйренері көп. Сондықтан да жылына кеміне бір рет көрме өткізіп тұру қолға алынбақ.       

 

Жазира ӘБІЛ

Хабарламаларға жазылу