Оңтүстік Қазақстан облысы Астанаға 200 тоннадан астам өнім әкеледі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Оңтүстік Қазақстан облысы Астанаға 200 тоннадан астам өнім әкеледі

26.06.2014
Оңтүстік Қазақстан облысы Астанаға 200 тоннадан астам өнім әкеледі

Сенбі, 28 маусымда Астана қаласы әкімдігінің алдындағы орталық алаңда Оңтүстік Қазақстан облысы ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің қатысуымен дәстүрлі жәрмеңке өтеді, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.

ОҚО Астанаға қызанақ, қияр, болгар бұрышы, картоп, қырыққабат, қара өрік, шие және бақша өнімдерін, сондай-ақ, ет өнімдерін  әкеледі.

Жыл сайын өнімдер Астана базарларындағы бағадан төмен бағамен сатылады. Бұған қоса, жәрмеңкеде  халықтық кәсіп пен қолөнер бұйымдарының көрмесі және облыстық шығармашылық ұжымдарының концерттік бағдарламалары көпшілік назарына  ұсынылады.

Хабарламаларға жазылу