Астана әкімдігі мемлекеттік бағдарлама бойынша 10 тұрғын үй салуды жоспарлап отыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астана әкімдігі мемлекеттік бағдарлама бойынша 10 тұрғын үй салуды жоспарлап отыр

14.06.2014
Астана әкімдігі мемлекеттік бағдарлама бойынша 10 тұрғын үй салуды жоспарлап отыр
Астана әкімдігі мемлекеттік бағдарлама бойынша 10 тұрғын үй салуды жоспарлап отыр. Құрылыс басқармасы салынғалы отырған нысандардың орналасқан мекен-жайын ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
 
Бүгін де  жалпы аумағы 50 мың шаршы метрді құрайтын 913 пәтерге шақталған 4 тұрғын үй кешенінің құрылысы жүргізілуде. Бұл үйлер барлық санаттағы тұрғындарға арнап салынбақ. Айнакөл көшесінде, Жұмабаев даңғылы мен Қордай көшесі аралығында Лот № 1, 243 пәтерге шақталған 14 мың шаршы метрлік тұрғын үй және Сауран көшесі мен № 24-алаңның қиылысында 242 пәтерге есептелген 10,9 мың шаршы метрлік көпқабатты үй салынуда. Құрылыс жұмыстарының аяқталу мерзімі 2014 жылдың екінші жартыжылдығында деп жоспарланған. Сондай-ақ, Сейфуллин мен Бейсеков көшелерінің қиылысында 198 пәтерлі, Айнакөл көшесі мен Жұмабаев даңғылы қиылысында 230 пәтерлі көп қабатты тұрғын үй  бой көтеретін болса, ал Қордай көшесінде салынып біткен тұрғын үй 2014 жылы 1 шілдеде тұрғындарға пайдалануға беріледі деп күтілуде.
 
Айта кетейік, Кезегі 2 маусымда жарияланған «Жас отбасыларға арналған жалдамалы үйлердің»  құрылысы 2013 жылы басталған болатын. Екі тұрғын үй кешені осы жылдың қазан айында-ақ пайдалануға берілмек.
 

Тұрғын үй кешендерін салуға қажетті құрылыс материалдарының 60 пайызы отандық болса, ал қалған 40 пайыз құрылыс материалдары шетелдерден әкелінген. 

Хабарламаларға жазылу