Шығысқазақстандық дәрігерлерге тікұшақ тарту етілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шығысқазақстандық дәрігерлерге тікұшақ тарту етілді

13.06.2014
Шығысқазақстандық дәрігерлерге тікұшақ тарту етілді
Семейде Шығыс Қазақстан облысынң әкімі Бердібек Сапарбаев Медицина қызметкерлерінің күні қарсаңында өңірлік дәрігерлерге жаңа MD 600 тікұшағын тарту етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.  
 
Тікұшақты «Саламатты Қазақстан» бағдарламасы бойынша республикалық санавиация орталығы бөлген.
 
Енді медицина қызметкерлері тікұшақты науқастарды тасымалдау үшін пайдаланатын болады. Сонымен қатар, Семей аймағына қызмет көрсету үшін санитарлық авиацияның тағы бір әуе порты іске қосылмақ. 

Семей қаласының санитарлық авиация меңгерушісі Нажия Пронинаның сөзіне қарағанда, арнайы медициналық құралмен жабдықталған тікұшақты шалғайда жатқан тұрғындарға шұғыл көмек көрсетуге қызмет етеді.

Атап өтейік, тікұшақ әр әуеге көтерілген сайын мемлекеттік қазына бір миллион теңгеге шығындалады. Алайда, адамның өмірі қыл үстінде тұрғанда мұндай шығындар ақталып шығады.
 

Хабарламаларға жазылу