Қызылордада жаңа туған сәбилерге домбыра тарту етілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қызылордада жаңа туған сәбилерге домбыра тарту етілді

22.02.2018

Қызылордада «Ана мен бала» орталығында жаңа туған  сәбилерге әрқайсысының өз есімі жазылған домбыра сыйға тартылды. Бұл - «Рухани жаңғыру» орталығының игі бастамасы. Ұлттық тәрбие  ұлттық құндылықты дәріптеуден басталады. Сондықтан, ұйымдастырушылар «қазақтың қара домбырасын сыйлау арқылы баланың бойына тәлімді тәрбие қалыптастыруға болады»,-дейді. Сондай-ақ, «Домбыра фест» шарасы аясында қаладағы мектеп, колледж, жоғарғы оқу орындарында үзіліс кезінде күйлер мен Сыр сүлейлерінің жырлары орындалды. Алдағы уақытта бұл дәстүрге айналмақ. 

Ақерке БЕРІКБЕКҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу