
Ұлыбританияда қазіргі заманның ең басты ғылыми мәселелерін шешуге бағытталған конкурс жарияланды. Жеңімпазға 10 мың фунт стерлинг көлемінде жүлде тағайындалған.
Адамзат алдында тұрған негізгі мәселелер ашық дауыс беру арқылы 25 маусымға дейін білгілі болмақ. Дүйсенбі күні сарапшылар құрған алты мәселеден тұратын тізім шығарылмақ. Ол тізімге әлемдегі аштық пен теңіз суларын тазарту жүйесі де енген.
Жүлде жетекшісі Джефф Малгэннің сөзіне қарағанда, жеңімпазды анықтауға бірнеше жыл кетуі мүмкін. Арнайы комиссия ұсынылған жобаларға баға беру критерийін жасамақ.
Бұл байқауды ұйымдастыру идеясы қашықтық жүлдесімен байланысты. Жүлде 1714 жылы йоркширлық сағат ұстасы Джон Гаррисонға берілген болатын.
Оның хронометрі арқылы теңізшілер алғаш рет өздерінің теңіздегі жағдайын анықтай алған. Бұл өнертабысы үшін Гаррисон 20 мың фунт көлемінде сыйақы алған.
|
