БҒМ ғылым саласындағы сыйлықтар мен мемлекеттік ғылыми стипендиялар бойынша конкурстық материалдарды қабылдауда - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

БҒМ ғылым саласындағы сыйлықтар мен мемлекеттік ғылыми стипендиялар бойынша конкурстық материалдарды қабылдауда

31.08.2015
БҒМ  ғылым саласындағы сыйлықтар мен мемлекеттік ғылыми стипендиялар бойынша конкурстық материалдарды қабылдауда

Сыйлықтардың тізімі: Жаратылыстану ғылымдары саласындағы үздік ғылыми зерттеуі үшін Қ.И.Сәтбаев атындағы сыйлық, Гуманитарлық ғылымдар саласындағы үздік ғылыми зерттеуі үшін Ш.Уәлиханов  атындағы сыйлық, Педагогика саласындағы үздiк ғылыми зерттеуі мен жұмысы үшiн Ы.Алтынсарин атындағы сыйлық, Түркология саласындағы аса зор жетістіктері үшін Күлтегін атындағы сыйлық, Жаратылыстану ғылымдары саласындағы үздік жұмысы үшін жас ғалымдарға арналған Д.А.Қонаев атындағы сыйлық;
Гуманитарлық ғылымдар саласындағы үздік жұмысы үшін жас ғалымдарға арналған М.О. Әуезов атындағы сыйлық.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитеті жыл сайынғы ғылым саласындағы сыйлықтар мен мемлекеттік стипендиялар бойынша конкурстық материалдар мына мекен-жай бойынша 010000, Астана қаласы, Орынбор көшесі 8, Министрліктер үйі, 11-кіреберіс, 1045 бөлме, тел. 8(7172)742029, 8(7172)742455, қабылдайды.
 

Хабарламаларға жазылу