Н.Назарбаев еліміздегі «Тойота Фортунер» жол талғамайтын көлік өндірісін іске қосты
Бүгін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен ҚР Президенті жанындағы Шетел инвесторлары кеңесінің 27-ші жалпы отырысында Мемлекет басшысы «Toyota Motor Corporation»басқармасының төрағасы Такеши Учиямадамен бірге Қостанайдағы зауытпен телекөпір барысында тікелей эфирде жаңа жобаны іске қосты.
«Мен бұл зауыттың өнімі тек қана Қазақстанда емес, сонымен бірге, Еуразиялық экономикалық одақтың және біздің басқа да көрші елдердің нарығын бағындыратындығына сенімдімін. Біздің ынтымақтастығымыз ұзағынан әрі жемісті болады», - деді Мемлекет басшысы.
Айта кетейік, көлік Қостанайдағы «СарыарқаАвтоПром» зауытында шығарылатын болады.
Өндіріс үдерісіне шанақ жиынтықтарын дәнекерлеу, сырлау және құрастыру кіреді. Бұл зауытта алдағы уақытта жылына 3000 «Тойото Фортунер» көлігін шығару жоспарланып отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Сондай-ақ оқыңыз
БарлығыМәслихат депутаттарының ІІІ республикалық форумы. Дулатбек Әбішпен сұхбат
12.03.2026, 18:18
Мәслихат депутаттарының ІІІ республикалық форумы. Мейіржан Отыншиевпен сұхбат
12.03.2026, 18:15
Қазақстан қыздары Татарстандағы сұлулық байқауына қатысты
12.03.2026, 17:39
Жаңақорғанда тұрмыстық қалдықтарды өңдейтін кешен салынды
12.03.2026, 17:35
Ақтөбеде аутист балаларды қашықтан бақылауға болады
12.03.2026, 17:33
ЖИ жасау үшін 200-ден астам датасет қосылды
12.03.2026, 17:31
Абай облысында жұмыссыздық азайып келеді
12.03.2026, 17:29
Бельгиялықтар үнемдеуге қарсы тағы шерулетті
12.03.2026, 17:27