«Эйр Астана» әуе компаниясының тұрақты жолаушылары Radisson қонақ үйлерінде тегін тұрақтай алады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Эйр Астана» әуе компаниясының тұрақты жолаушылары Radisson қонақ үйлерінде тегін тұрақтай алады

12.06.2014
«Эйр Астана» әуе компаниясының тұрақты жолаушылары Radisson қонақ үйлерінде тегін тұрақтай алады
«Эйр Астана» әуе компаниясының тұрақты жолаушылары Radisson брендінің әлемнің 400-ден аса қонақ үйінде тегін тұрақтауға мүмкіндік алады. Бұл туралы «ҚазАқпарат» «Эйр Астана» компаниясының қоғаммен байланыс жөніндегі бөлімінің үйлестірушісі Тілек Әбдірахымоваға сілтеме жасап хабарлады. 
                                

Әлемдегі ірі Carlson Rezidor Hotel Group қонақ үй компаниясы мен Ұлттық әуе тасымалдаушы компания өзара ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды. 

Ендігі кезекте әуе компаниясының Nomad Club бағдарламасы бойынша жиі ұшатын жолаушылар бонустық бал жинап, Еуропа, Таяу Шығыс пен Африкадағы Radisson, Radisson Blu мен Park Inn by Radisson қонақ үйлерінде тегін тұрақтай алады. 

Ол үшін жолаушылар Nomad Club бағдарламасына тіркелуі қажет. 

Ал сәйкесінше Radisson, Radisson Blu мен Park Inn by Radisson қонақ үйлерінің тұрақты меймандары 500, 250 бонустық бал жинап, «Эйр Астана» компаниясынан тегін билет алуға болмаса, қызмет көрсету класын жоғарылатуға мүмкіндік алады. 
Ол үшін жолаушылар Nomad Club бағдарламасына тіркелуі қажет.

Хабарламаларға жазылу