«Toyota» ұшатын көлік жасаумен айналысуда - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Toyota» ұшатын көлік жасаумен айналысуда

11.06.2014
«Toyota» ұшатын көлік жасаумен айналысуда
Жапониялық «Toyota» автомобиль концерні ұшатын  автомобиль жасаумен айналысуда.
 
Бұл туралы Сан-Францискода Bloomberg's Next Big Thing Summit конференциясы барысында компанияның техникалық топ басшысы Хиройоши Йошики мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
 
Хиройоши Йошикидің айтуынша, жасалып жатқан көлік кәдімгідей ұшпайды, тек жолда кептелісті  азайту, көлік тиімділігін арттыру үшін сәл көтеріліп, қалқып жүреді.
 
Бұдан бұрын «Toyotaның»  сутегімен жұмыс істейтін отын элементтерімен жүретін  көлікті сатуды жыл аяғында  бастайтыны  белгілі болған еді. Жапониялық «Japan Times» газеті атап өткендей, оның құны 78 мың доллар болмақ.
 

Хабарламаларға жазылу