Шетелдік нөмірлі көліктер 817 миллион теңгенің айыппұлын төлемеген - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шетелдік нөмірлі көліктер 817 миллион теңгенің айыппұлын төлемеген

04.02.2020

Шетелдік нөмірлі көлік иелері көбіне ереже елемейді.

Елордалық Полиция департаменті ережені елемейтіндердің тізімін жариялады. Қара тізімді Арменияда есепте тұрған «BMW» маркалы көлік иесі бастап тұр. Ол былтыр 437 рет ереже бұзған. Ал «Toyota Camry» темір тұлпарының иесі 369 рет әкімшілік құқық бұзған. Үшінші және төртінші орынды «Toyota IPSUM» мен «Nissan Tida» маркалы қос көлік иеленген. Олар 141 рет ереже бұзыпты. «Porsche Cayen» мінген 29 жастағы азамат 74 рет жол ережесін сақтамаған.

Былтыр әкімшілік полиция сақтандыру компанияларының базасына кіруге рұқсат алды. Содан ереже бұзған шетелдік нөмірлі көлік иелеріне 800 миллион теңгеден астам айыппұл салынғаны анықталды. Бірақ айыппұлдың 10%-ы ғана өтелген.

Нысаналы ЫҒЫЛ


Хабарламаларға жазылу