Қазақстан азаматтары Оңтүстік Кореяға визасыз баратын болады
|
Қазақстан азаматтары Оңтүстік Кореяға визасыз сапарлай алатын болады. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Сыртқы істер министрінің орынбасары Алексей Волков мәлім етті.
А.Волковтың атап өтуінше,Оңтүстік Корея Президенті Пак Кын Хенің елімізге мемлекеттік сапары аясында екі ел арасындағы 17 құжатқа қол қою жоспарланған. Оның үшеуі екі елдің мемлекет басшыларының қатысуымен рәсімделетін болады.
«Сіздердің назарларыңызды мына құжатқа аудартқым келеді. Ол Қазақстан Республикасы мен Корея Республикасы Үкіметтері арасындағы өзара виза талаптарын алмасу туралы келісім болмақ», - деді ол.
Оның атап өтуінше, бұл келісім жалпыазаматтық төлқұжаты бар Қазақстан мен Корея азаматтарына бір айға дейін бір-біріне визасыз сапарлауға мүмкіндік береді.
|
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Австрия және Қытай елшіліктері қазақстандықтарды Наурыз мейрамымен құттықтады
19.03.2026, 10:00
Сарапшы: жаңа Конституция жобасында адам құқықтары негізгі басымдық ретінде бекітілген
19.03.2026, 09:58
Пәкістан мен Ауғанстан Айт мерекесіне байланысты әскери операцияларды тоқтатуға уағдаласты
19.03.2026, 09:57
Иран көрші елдерге соққы берді
19.03.2026, 09:56
Reuters: Трамп Таяу Шығысқа жаяу әскер жіберу мәселесін қарастырып жатыр
19.03.2026, 09:55
Елімізде отбасы мәселелері жөніндегі уәкіл институты құрылады
19.03.2026, 09:54
Жылына 200-ден астам баланың жүрегіне ота жасалады
18.03.2026, 20:58
Наурызнама: 4 мыңға жуық тұрғын ұлттық киіммен шеруге шықты
18.03.2026, 20:55