Астанада халықаралық цирк фестивалі өтеді
|
Астана қаласы әкімдігі қолдауымен жыл сайынғы «Азия жаңғырығы» халықаралық фестивалі биыл 7-рет ұйымдастырылып отыр. Шара 2014 жылдың 1-8 шілде аралығында 16:00-де елордадағы «АСТАНА» циркінде өтеді.
Фестиваль әр елдің әртістері арасындағы ең мықтылардың өнер додасы ғана емес, халықаралық қазылар алқасы сараптайтын ең ірі бағалау алаңы ретінде де есте қалмақ.
«Астаналық цирк» манежінде Астана тұрғындары мен қонақтарына Ресей, Қытай, Моңғолия, Вьетнам, Беларусь, Якутия, Украина, Өзбекстан және Қазақстанның әртістері өнер көрсетеді. Олардың көбі бүкіләлемдік фестиваль жеңімпаздары мен лауреаттары, өз жанрларының хас шеберлері, цирк әулетінің ұрпақтары. Фестиваль бағдарламасы әр мемлекет бірігу арқылы ұлттық цирк ерекшеліктерін ортаға салатын «жанды» әрі бірегей шоуға қанық.
«Азия жаңғырығы» халықаралық цирк өнері фестивалінің айтулы оқиғасы - фестиваль қатысушыларының үрмелі оркестр сүйемелдеуімен астана көшелеріндегі «Кавалькада» мерекелік шеруі болмақ. «Кавалькада» 30 маусым күні сағат 18:00 де «Азия жаңғырығы» фестиваліне қатысушы әртістердің қатысуымен Цирк - Сарыарқа даңғылы - Бөгенбай батыр даңғылы - Республика даңғылы – Циркбағыттарын бойлай жүріп өтеді. |
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Музей түні – 2026»: 17 мың адам тамашалады
19.05.2026, 13:15
Леонардо да Винчи көрмесі Астана төрінде
19.05.2026, 13:12
IV Халықаралық Қазақстан музей конгресі басталды
19.05.2026, 13:09
Дінде ағза донорлығына рұқсат бар
19.05.2026, 13:06
Аралдың 1 млн гектар қайраңына сексеуіл егілді
19.05.2026, 13:03
Нью-Йорк пен Токиоға тікелей әуе рейсі ашылады
19.05.2026, 13:00
Леонардо да Винчи көрмесі Астана төрінде: 40-тан астам жәдігер әкелінді
19.05.2026, 10:11
«Dosti Skills Kokshetau - 2026» халықаралық чемпионаты өтіп жатыр
19.05.2026, 10:09